Жандос Қаржаубай - Ақмаралым (official video) 2024

Описание к видео Жандос Қаржаубай - Ақмаралым (official video) 2024

#ЖандосҚаржаубай #2024 #ақмаралым
Жандос Қаржаубай - Ақмаралым

Ботақаным қарайсың мөлдіреген көзіңмен,
Аққуы бар көлдегі махаббатты сезінем
Бір өзіңе бар сырымды айтайын деп келгенде
Қалады тіл байланып ұялғандай өзіңнен

Жоғаласың көп неге
Келіп кетпей әпкеңе
Сағынышым қайдасың
Қасыма кел еркеле
Құшақ жайып қарсы алам
Арманымсың аңсаған
Өзіңе арнап сүйіктім
Әсем әуен ән салам

Көп тоқталам махаббатта сезім деген сөзге мен,
Мен бақытты бола алмаспын бірге болсам өзгемен
Бақытты ғой сол адамдар шіркін неткен бақытты
Ақмаралым күнде сені жүрген көріп көзбенен


Booking: +7 775 107 80 96. Móldir

All rights reserved
© ZHANDOS KARZHAUBAI

Комментарии

Информация по комментариям в разработке